Каден Садвакасова

Добавить Фото!
Дата рождения:
15.05.1927
Дата смерти:
00.00.2020
Продолжительность жизни:
92
Дней с рождения:
35405
Годы с рождения:
96
Дни после смерти:
1571
Годы после смерти:
4
Отчество:
Кожахановна
Национальность:
 казах
Кладбище:
Указать кладбище

Жила в городе Ерейментау. Скончалась в 2020 году.

 

Кұрметті де қадірлі, сүйікті, аяулы Ана, мейірімді әже Сәдуақасова Қаден Қожаханқызының өмірден озғанына қас-қағым сәтте мiне, 40 күн толды. Отбасы үшін орны толмас қайғы, жүрек қабылдамайтын хабар.Қаден Ана 1927 жылы,15 мамырда Ереймен елінің Елтай ауылында өмірге келді.Бала кезінен өмірге құштар,бiлiмге жақын,елгезек болып өскен анамыз колхозда қара жүмыс істейді,кір тартып, қандай да болса жүмысқа бейім болады.1944 жылы 21 шілдеде әскери борышын өтеп келген Тәшкен Сәдуақасов деген азаматпен көңіл жарастырып,отбасын құрады. Алланың қалауымен өмірге бірінен соң бірі жалғасып сәбилер келе бастайды.Асыл анамыз 10 бала,17 немере және 30 шақты шөбере көріп,тәрбиеледі. Анамыз "ТЫЛ майталманы", Еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған, Жеңістіңң 75 жылдығына орай Ресей федерациясының президенті Путин қол қойған арнайы медальдерге ие болды,"Материнская слава" медалінің 3 дәрежесіне ие болған, Елбасының қолынан "Алтын алқа"медалін алды.Өмiр бойы жүрегі таңдаған азаматының қамын ойлап, өрбіген ұрпағын бағып, өсіріп,бар өмірін отбасының берекесі үшін арнаған.Бiлiмге қолы жеткенде, қазіргі заман тiлiмен айтқанда Анамыз кәсіпкерлікке жақын болып,бiр кәсіп саласын мықты ұстап тұратын басшы болар еді.Өнерге, әсемдікке, әдебиетке жаны жақын Анамыз кітапты,газет-журналды көп оқитын,жаңалықтарды жібермей тыңдайтын. Салиқалы, құрметті әулеттің ақылшысы,тiрегi болып отырған Анамызға артында қалған асыл ұрпағы дән риза.Орны толмас қазалы күндерде қасымыздан табылған,бірге болып, көңіл айтып жұбатқан ел адамдарына, ағайын-туысқа, дос-жаран,құда-жекжатқа,көршілер мен әріптестерге ризашылығымызды білдіреміз. қадамдарыңыз сауаптан болсын!

Нет привязок к месту

    loading...

        Связи

        ИмяРодствоДата рожденияДата смертиОписание

        Не указано событие

        Бирки